RSS лента

Ауылға жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне 9 млн-ға жуық теңге төленеді

  • 24.01.2024, 14:03,
  • 253
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Мәжіліс бүгін жалпы отырыста денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңды қабылдап, Сенатқа жолдады, деп хабарлайды Turantimes.kz  баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түзетулерге сәйкес ауылға жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне бір мезетте 100 ең төменгі жалақы төлеу жоспарланып отыр. 2024 жылы бұл сома 9 миллионға жуық теңгені құрайды. Ең төменгі жалақының өсуімен төлем мөлшері де өседі. Бұл ережені депутаттар өңірлерге барған сапарында енгізді. Өңірлерге сапар барысында тұрғындар медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мәселесін көтерген болатын. Осылайша ауылдардағы медициналық кадрлар тапшылығы мәселесін жүйелі шешу қарастырылып отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости