RSS лента

Зейнетақы қаншаға өседі?

  • 22.12.2023, 18:43,
  • 629
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Зейнетақының орташа мөлшері 2024 жылы 130 мың теңгені құрайды , деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Журналистер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысынан базалық зейнетақы төлеуді алып тастау туралы қауесеттерге қатысты түсініктеме беруді сұрады. Светлана Жақыпова базалық зейнетақы өсетінін атап өтті.

 

    «Базалық зейнетақы төлемі, керісінше, көбейтіліп жатыр. Мысалы, биыл базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-на дейін белгіленді. Келесі жылдан бастап біз осы ең төменгі шекті 5%-ға арттырамыз, индекстеу 7%-ды құрайтын инфляция деңгейін ескеріп бекітіледі. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Жалпы, 9% индекстеу болады. Зейнетақының орташа мөлшері шамамен 130 мың теңге болады», – деп түйіндеді министр.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости