RSS лента

Жыл басынан бері 2 трлн 200,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

  • 18.09.2023, 09:58,
  • 307
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 525,6 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 305 мың адам.


2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге.


2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.


Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.


Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости