RSS лента

Ең көп зейнетақы алатын кімдер?

  • 22.05.2023, 16:47,
  • 442
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге. 1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 297 мың зейнеткер тұрады.

 

«Жыл басынан бері 1 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді, оның 337,4 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 761,5 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бағытталды» деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

 

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады. Бұған дейін БЖЗҚ қазақстандықтардың есепшотына қызмет көрсеткені үшін комиссияны қысқартатыны белгілі болған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости