RSS лента

Қазақстанда зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек

  • 03.03.2022, 00:50,
  • 491
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай дамитыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Серік Шәпкенов министрлік жұмысының болашақ зейнеткерлердің жағдайының нашарлауына жол бермеу үшін батыл шаралар қабылданып жатқанын айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда елімізде 2,2 млн зейнеткер бар, бюджеттен орташа зейнетақы мөлшері 99 937 теңгені құрайды.


- 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтарға өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін алу құқығы берілді. 2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша барлығы 2,79 трлн теңгеге жуық сомаға 1 миллионнан астам өтініш мақұлданды, — деді министр.


Сонымен бірге жоғалған табысты зейнетақымен алмастыру коэффициенті ынтымақты зейнетақыдан жинақтаушы зейнетақыға көшуді ескере отырып, жыл сайын төмендейді.


- БЖЗҚ актуарлық есебіне сәйкес, 2028 жылы зейнетақы орташа айлық жалақының шамамен 47,4%-ын ғана, 2040 жылы 39,2%, ал 2060 жылы бар болғаны 29,5% алмастырады. Сол себепті зейнетақы жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың қолданыстағы тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп айтты Серік Шәпкенов.


Ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру шеңберінде, 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделген, дейді министр.


Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарнасын енгізу жоспарланып, нәтижесінде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін Халықаралық еңбек ұйымы ұсынатын стандарттан төмен емес деңгейде сақтау қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости