Желіде қар үстінде жансыз жатқан ер адамның бейнежазбасы тарады. Оқиға кеше, яғни, 10 қаңтар күні сағат 19.26 шамасында Атыраудағы Нұрсая ықшамауаднында орын алған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті құжаттар жинақталуда. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.