RSS лента

Мектептегі тым майлы, қант пен тұздың мөлшері 2 есе көп тамақтан оқушылар сырқаты артқан

  • 07.12.2023, 12:29,
  • 199
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сенат отырысынан алынған

Бұл мәселені Сенат отырысында Ақмарал Әлназарова көтерді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Тамақ пісіруге тым құнарлы май пайдаланады, қант пен тұздың мөлшері 2 есе және одан көп болып кеткен.


Сенатордың айтуынша, қазақстандық балалардың 58%-ына анемия  таралған, А дәруменінің тапшылығы – 23% құрайды. Балалардағы жұқпалы емес созылмалы аурудың көбеюі алаңдаушылық туғызады, бұл ересек жаста мезгілсіз өлім мен мүгедектік қаупін туғызады.


 «Білім беру мекемелерінде тамақтануға байланысты топтық сырқаттану тіркелген жағдайлар көбейіп кетті. 2020 жылдан бері мектеп жасындағы 425-ке жуық бала тамақтан топпен улану салдарынан зардап шекті. Негізгі себептер асхана қызметкерлері арасында ішек инфекциясының болғаны, медициналық тексеруден өту туралы құжаттарды қолдан жасау, объектінің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы, азық-түлікті сақтау және өткізу шарттарының бұзылу жағдайы болып отыр. Бүгінде елімізде 7 381 мектеп жұмыс істейді. Күн сайын бір жарым миллионнан астам бала тамақтанады және олардың саны көбейіп келеді. Сондықтан балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету шараларын күшейту керек», - деді Ақмарал Әлназарова.


Сонымен қатар мектептердің 20%-ында ғана бірыңғай тамақтандыруды ұйымдастырудың қолданыстағы стандарттары жүзеге асқанын атап өтті. Бұл кезеңде әртүрлі жастағы оқушыларды тамақтандыруға арналған мәзірді қалыптастыруда біркелкі әдіснама жоқ.


«Асхана саласындағы қызметкерлерінің біліктілігі мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді. Әрбір үшінші мектеп асханасында кәсіби білімі жоқ аспаздар жұмыс істейді, 21,8%-ында арнайы біліктілігі жоқ. Білім беру ұйымдарында таза ауыз суға қол жеткізу әлі де проблема болып қалып отыр. Мектеп оқушыларының 68%-ы үйден су әкеледі, шамамен 30%-ы мектептен су сатып алады. Мектеп қабырғасында ауыз суға қол жеткізу балалардың қантты сусындарды ішуін азайтады. Сондай-ақ мектептегі тамақтану құны туралы бір ауыз сөз айтайын. Мектептегі тамақтану құнын есептеу барысында шикізаттық емес шығындар есепке алынбайды, өнімді сатып алуға тікелей шығындар ғана ескеріледі. Бұл толыққанды және теңдестірілген мәзірді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді», - деді Сенатор.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости