ІІ Түркі универсиадасына қатысатынын Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан, Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттері арасындағы достық пен келісімнің көркем үлгісі ретінде түркі жастары Түркістан шаһарында бас қосып, мемлекеттік ту көтеру рәсімін өткізді.
«Түркі универсиадасы түркі әлемінің бірлігі идеясын ғана емес, сонымен қатар түркі жастарының спорт пен оқу-ғылымдағы жетістіктерін насихаттайды. Жастарымыздың күш-қайраты мен ерік-жігері мықтылығын паш етіп, студент-жастарға үлгі етуді көздейді. Спорт пен дене тәрбиесі білім берудің ажырамас бөлігі ретінде жас жеткіншектерді тәртіп пен табандылық, сыйластыққа үйретеді, олардың ерік-жігерлерін тәрбиелейді. ІІ Түркі Универсиадасын абыроймен өткізіп, мақсатымызға бірге жетейік!», - деді вице-министр Т.Ешенқұлов ашылу рәсімінде. \
ІІ Түркі универсиадасына қатысатын 6 мемлекеттен 450 қатысушы 7 спорт түрінен (үстел теннисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі) бақ сынайды.