Бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті өтті.
Кездесуге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қатысып, сөз сөйледі.
Мәртебелі меймандардан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі баяндамасын жасайды және Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевке де сөз берілді.