Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен бүгінгі кездесуі бауырлас екі ел мен оның халықтары арасындағы өзара серіктестіктің одан әрі нығаюына ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ-түрікмен қарым-қатынасы табысты дамуда және стратегиялық әріптестіктің деңгейіне толық сай келеді.
Өз кезегінде Гурбангулы Бердімұхамедов Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалады.
Тараптар өзара сауда-саттықта оң динамика бар екенін атап өтіп, энергетика, өнеркәсіп, көлік, логистика және басқа да салалардағы жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.