Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Виктор Орбанға шақыруды қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгеніне және Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысуға ниет танытқанына ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Виктор Орбан Мажарстан делегациясына көрсеткен қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің деңгейін жоғары бағалады.
Сонымен қатар соңғы 10 жылда ынтымақтастықты дамытуда жақсы нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.
"Мажарстан әрдайым Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі болған. Алдағы уақытта да солай бола береді. Мажарстан мен Қазақстанның байланыстары бұрын-соңды жетпеген деңгейге көтерілді. Сондай-ақ ықпалдастығымыздың, әсіресе экономикалық қатынастарымыздың әлеуеті зор", – деді Виктор Орбан.