Тоқаев қараша айында Қазақстанда Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық 10-саммиті өтетінін айтып, аталған жиынға Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қатысады деп жоспарланып отырғанын жеткізді.
– Еліміздің Мажарстанмен тығыз ынтымақтастық орнатқанын атап өткім келеді. Елдеріміз арасында өте сенімді, дәстүрлі байланыс қалыптасқан. Біз екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі деңгейін жоғары бағалаймыз. Осы сәтті пайдаланып, Сізді Қазақстанға сапармен келуге шақырамын. Сонымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Премьер-министр Виктор Орбан мырзамен кездесеміз деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында Астана көшелерінің біріне Мажарстанның ұлт ақыны Шандор Петефидің есімі берілетінін айтты.