RSS лента

Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті

  • 25.09.2023, 16:40,
  • 351
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Президент қазақ жерінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан халықаралық «Иннопром. Қазақстан» өнеркәсіп көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасында сауда, инвестиция және өнеркәсіп салалары бойынша қарым-қатынас қарқыны жоғары екенін айтты.


Ресей компаниялары Қазақстанға тұрақты түрде инвестиция салып отырған бес негізгі елдің қатарына кіреді. Бүгінде Ресеймен бірлесіп, жалпы сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 40 ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз, – деді Президент.


Мемлекет басшысы Беларусьпен арадағы қарым-қатынас туралы айта келе, ауыл шаруашылығы техникасын шығару және машина жасау салаларындағы тәжірибені оң бағалады. Бұл бағыттағы жобалардың жалпы құны – шамамен 180 миллион доллар.


Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасымен арадағы байланыстарымыздың тұрақты дамып келе жатқанына, өзара сауда-саттық қарқыны жоғары екеніне назар аударды.


– 7 айда екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 13 пайызға өсті. Қазақ-қырғыз шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен салудың келешегі зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сонымен қатар, Президент Иранға, Парсы шығанағына және Үндістанға шығуға мүмкіндік беретін Солтүстік – Оңтүстік транзит дәлізінің, Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының, Батыс Еуропа – Батыс Қытай бағытының мүмкіндіктері жөнінде айтты. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости