Бүгін елордада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.
Мәртебелі меймандардың басым бөлігін әуежайда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.