RSS лента

Смайылов Тбилисиге ресми сапармен келді

  • 23.06.2023, 13:59,
  • 329
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: primeminister.kz

Тбилисиде Грузияға ресми сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Қарсы алу рәсімінде әскери оркестр салтанатты жағдайда екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.


Мұнан соң Әлихан Смайылов пен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили қарауыл бастығының ере жүруімен Құрмет қарауылы сапын аралап шығып, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Оставить комментарий
Последние новости