«Қазіргі уақытта Үкімет электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарық тетігі негізінде көтерме нарықтың жаңа моделін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша тиісті түзетулер Парламент Сенатында қаралуда", - деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.
Премьер-министр бұл модель бойынша электр энергиясына сағаттық тарифтер көзделетінін, бұл ірі көтерме тұтынушыларды, соның ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды ынталандыратын, кешкі сағаттарда тәуліктік кестеден ауытқуларды барынша азайтатын және электр энергиясын оның ең аз сұранысы кезеңінде (түнде) неғұрлым төмен бағамен тұтынатын болады.