Соған байланысты комбинат 1 қыркүйектен бастап «AllianceEnergoSnab – Ақтау» ЖШС және «Электр Жүйелері» ЖШС-мен шарттарды бұзады, себебі сол екі компанияның қарызы жалпы соманың 90%-ын құрап отыр. Бұл шаралар халықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге еш әсер етпейді.
Комбинат өкілдерінің айтуынша, Ақтау, Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен тұтынушыларын электр энергиясымен жабдықтау функциясын өз жауапкершілігіне алған «AllianceEnergoSnab – Ақтау» ЖШС мен «Электр Жүйелері» ЖШС компанияларының қарызы көп жылдан бері төленбей жиналып қалған. Ақшаны талап ету бойынша сот-атқару шаралары нәтиже бермеген. Алайда МАЭК ауруханалар мен стационарларды электрмен жабдықтаудағы іркілістерге жол бермеу үшін жұмысын жалғастырған. Комбинат екінші деңгейдегі банктерден несие алып, түскен кірістің бәрін соған жұмсауға мәжбүр болған. Ал бұл өз кезегінде 3000 адамға еңбекақы төлеуге кері әсерін тигізген.
«Бұл жағдай өнім өндірісіне, жабдықты жаңғыртуға, кәсіпорынның тұрақты жұмысына және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің үш мыңға жуық ұжымы алдындағы еңбек міндеттемелерін сақтауға теріс әсер етеді. МАЭК басшылығы өз өнімдерін сатудан түскен барлық ақшалай қаражатты тұтынылған отын газы үшін берешекті өтеуге, біздің кредиторлар алдындағы төлем бойынша мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімақыны және банктер алдындағы пайыздарды өтеуге жұмсауға мәжбүр» делінген баспасөз хабарламасында.
Нәтижесінде, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС дебиторлық берешегінің өсуіне байланысты биылғы қыркүйектен бастап «AllianceEnergoSnab-Ақтау» ЖШС және «Электр Жүйелері» ЖШС-мен шарттық өзара қарым-қатынастарды бұзады деп шешілді. Содан соң комбинат басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен шарттар жасасуға және борышкер компаниялардың қызметкерлерін жұмысқа орналастыруға көмектесуге ниетті.