Энергетика министрі Болат Ақшолақов атап өткендей, отын-энергетика кешенін дамыту шеңберінде тауарлық газ өндіруді (+25,5%) және республиканы газдандыру қарқынын (2029 жылы 63,4%-ға дейін), мұнай-газ-химия өнімін (6,6 есе), көмір өндіруді (+3%) ұлғайту және экономиканың энергия сыйымдылығын (5%-ға дейін) төмендету жөніндегі қадамдар қарастырылған.
Электр энергетикасына қатысты бірқатар қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды енгізу жоспарлануда, бұл қосымша 11,7 ГВт энергия береді, сондай-ақ жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясының өндірудің жалпы көлеміндегі үлесін 12,5%-ға ұлғайтуға, электр желілерінің тозу деңгейін 47%-ға дейін төмендетуге, республиканың бірыңғай энергия жүйесін құру жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік береді.
Мұнай-газ-химия өнеркәсібінде ірі жобаларды, оның ішінде полиэтилен (жылына 1,250 млн тонна), бутадиен ( 319 мың тонна), полипропилен ( 80 мың тонна) және т. б. шығаратын зауыттарды іске қосу көзделген. Бұл ретте Теңізде, Қашаған және Қарашығанақта өндірістік қуаттарды кеңейту, сондай-ақ жаңа перспективті жобаларды әзірлеу есебінен мұнай өндіру деңгейін арттыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар мұнай, газ, мұнай өнімдерінің айналымын есепке алуды, электр энергиясын өндіру мен беруді автоматтандыру, іске қосу үшін техникалық шарттарды электрондық түрде беру, тариф құруды автоматтандыру және т. б. салаларды одан әрі цифрландыру бойынша шаралар жоспарланған.