RSS лента

Туристер Қазақстанда орта есеппен 4 күн өткізеді

  • 12.10.2023, 12:10,
  • 306
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/pexels

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың қаңтар, шілде айларында туристер арасында іріктемелі зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Turantimes.kz бюроның ресми ақпаратына сілтеме жасай отырып. 

Бюроның мәліметінше, сапарлаған өңірлер бойынша тізім басында Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы. Туристердің 31% курорттық аймақтарға барға, оның ішінде туристердің негізгі үлесі Алматы тау кластерін таңдаған – 57,7%, тағы 14,7% Маңғыстау өңіріне барған.


Туристердің орташа алғандағы саяхат ұзақтығы – 4 күн. Келушілердің жалпы шығыны 3,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жеке мақсаттар бойынша 2,4 млрд теңге, іскерлік мақсатта 1,1 млрд теңге жұмсалған.


Зерттеуге 66 елден келген туристер қатысты, келушілердің ең көп үлесі Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен болды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости