RSS лента

Демалу мен ем алу: қайда арзан?

  • 15.06.2021, 16:18,
  • 474
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Былтыр Қазақстанда санаторийлер мен басқа да медициналық оңалту ұйымдарының қызметін 218,9 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 30,1%-ке аз. Өңірлік бөліністе емделіп, демалушылардың 60,5%-і Түркістан, Алматы және Ақмола облыстарындағы санаторийлерді таңдаған.

 

Еnergyprom сарапшылары Қазақстанның өңірлеріндегі санаторийлердің орташа бағасын жариялады.

 

2020 жылы емделушілер мен демалушылардың 61,3%-і шипажайға, 21,1%-і оңалту орталықтарына, 6%-і профилакторийлерге, 3,5%-і мамандандырылған санаторийлерге барған.

 

2021 жылдың сәуірінде Қазақстандағы санаторийлер қызметінің тәулігіне орташа есеппен ақысы 11,9 мың теңгеге болған. Бұл саладағы баға бір жылда 1,8%-ке өскен.

 

Ірі қалалар мен мегаполистер арасында ең қымбат санаторий Нұр-Сұлтанда (тәулігіне 16,9 мың теңге), ал ең арзаны Түркістанда (тәулігіне 9 мың теңге).

 

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, барлық өңірдегі баға былтырғымен салыстырғанда өзгеріссіз қалған. Тек Қарағанды облысында қызмет құны бір жылда 13,6%-ке, Маңғыстау облысында 5,1%-ке, Нұр-Сұлтанда 3,5%-ке өсті.

 

Былтыр елде 153 қалпына келтіру және медициналық оңалту ұйымы болған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,5%-ке көп. Олардың ішінде 92 санаторий, 25 оңалту орталығы, 15 мамандандырылған санаторий, 9 профилакторий болды.

 

Ұйымдардың көп бөлігі жеке бизнеске тиесілі (107). Ал 43 мекеме мемлекетке тиесілі болса, 3 мекеме шетелдік меншікте болды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости