RSS лента

Қазақстанда темекі қымбаттап жатыр

  • 29.09.2020, 20:17,
  • 868
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әлеуметтік желі

2020 жылдың 1 қазанынан бастап фильтрлі темекі өнімдерінің барлығы, ал 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап – сигаралар мен сигариллалар, қыздырылған темекі сияқты өнімдердің өзге де түрлері міндетті таңбалауға жатады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

«Темекі өнімдерінің кез-келген айналымы қажетті деректерді оқитын және оны фискальды мәліметтер операторларына беруге мүмкіндік беретін 2D сканерді қолдану арқылы қолжетімді болмақ. Мұндай міндетті таңбалауды енгізу нарықтың ашықтығын қамтамасыз етеді және халықты контрафактілік өнімдерден – арзан, бірақ қауіпті контрафактілік өнімдерден сақтайды» делінген баспасөз баяндамасында.

 

Еnergyprom мониторингтік агенттігі темекі өндірісі бір жылда 10 пайызға өскенін мәлімдеді. Яғни, қыркүйектің басында бөлшек сауда орындарында бір қорап темекі құны 489 теңгені құрады. Бұл өткен жылғыдан 12,7 пайызға қымбат. Әсіресе, Ақтөбе (534 теңге), Нұр-Сұлтан (521 теңге) мен Таразда (506 теңге) қымбат. Ең арзаны Петропавл (468 теңге), Қызылорда (471 теңге) мен Павлодарда (474 ​​теңге) ғана тіркелген.

 

Санақты сөйлетсек, қазір қазақстандықтардың 21,9 пайызы шылым шегеді. Осылайша, Қазақстанда тәулігіне 14,1 миллион дана темекі шегіледі екен.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости