Есепке сәйкес, соңғы 5 жылда Қазақстанға ТШИ таза ағыны рекордтық $6,1 млрд, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 83%-ға жоғары. Бұл посткеңестік кеңістіктегі елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Посткеңестік кеңістікте Қазақстан ТШИ таза ағыны бойынша бірінші орында. Одан кейінгі орындарда Өзбекстан – $2,5 млрд, Литва – $2,2 млрд доллар, Грузия – $2 млрд, Беларусь – $1,6 млрд, Латвия – $1,5 млрд, Эстония – $1,2 млрд, Түркіменстан – $936 млн, Украина – $848 млн, Молдова – $587 млн, Армения – $366 млн, Қырғызстан – $291 млн, Тәжікстан $174 млн. Рейтингтің аутсайдерлері Әзербайжан мен Ресей болды, олар сәйкесінше -$1,7 млрд және -$18,7 млрд теріс нәтиже көрсетті.
Орталық Азияға таза ТШИ ағыны 39%-ға өсіп, $10 млрд құрады, оның 61%-ы Қазақстанға келгенін атап өту маңызды.
Сондай-ақ теңізге шыға алмайтын дамушы 32 елде таза ТШИ-нің 6%-ға артуы байқалады, оның ішінде Қазақстан да көшбасшы ($6,1 млрд). Одан кейін Эфиопия ($3,7 млрд), Өзбекстан ($2,5 млрд) және Моңғолия ($2,5 млрд) тұр.
Сонымен қатар, Қазақстан 2015-2022 жылдар аралығында жаңартылатын энергия жобаларына таза инвестиция тарту бойынша $56,3 млрд көрсеткішімен әлемнің дамып келе жатқан экономикалары арасында 5-ші орынға шықты.
Жалпы есептің нәтижелері көрсеткендей, 2021 жылы күшті өсімнен кейін жаһандық таза ТШИ ағыны 2022 жылы 12%-ға азайып, $1,3 трлн дейін төмендеді. Негізгі себептерге Украинадағы қақтығыс, азық-түлік пен энергия бағасының қымбаттығы, сондай-ақ әлем елдерінің мемлекеттік қарызының өсуі себеп.
Негізінен құлдырау дамыған елдерге әсер етті, онда таза ТШИ ағыны 37%-ға азайып, $378 млрд құрады. Сонымен қатар дамушы елдерге ағындар орта есеппен 4%-ға өсті.