RSS лента

Ауа райын болжаушылар дабыл қақты!

Автор фото: pixabay.com

Синоптиктер 19-21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.Алдағы үш тәулікте республикада тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Демалыс күндері еліміздің біраз аймағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жауын мен бұршақ күтіледі. Ел аумағында жел күшеймек.

 

Жетісу, Ақмола облысында күн күркіреп, жел соғып, жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Қатты аптап ыстық және жоғары өрт қаупі – БҚО және Атырау облысында да күтіледі.

 

Алматы, Астана, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында және Ұлытауда жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Найзағай, жел, қатты аптап ыстық және өте жоғары өрт қаупі – Ақтөбе облысында күтіледі.

 

Павлодар облысының тұрғындарына найзағай туралы ескертілді.

 

Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескертуге найзағай, бұршақ, жел және төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Қостанай облысында найзағай, бұрқасын, тұман, жел және төтенше өрт қаупі болмақ

 

Жамбыл облысында жел соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Температуралық фонға келетін болсақ, солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді. Қалған аймақта өзгеріс күтілмейді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости