RSS лента

Жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлаған

  • 18.08.2023, 10:55,
  • 395
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: pixabay.com/sergeitokmakov

Жезқазған қаласында орналасқан құбырдың 13 мың метрден астамын ұрлады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті аяқтады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы бір топ адамдармен алдын ала сөз байласып, жалпы сомасы 288 млн теңгеден астам мемлекет мүлкін ұрлағаны анықталды.


Ұрлық фактісін анықтау кезінде лауазымды тұлға аталған нысанның мемлекеттік органның балансында жоқтығы туралы жалған анықтамалар беріп, тергеуді қасақана жаңылыстырған.


Бұл құбыр Жезқазған қаласының әуежайы маңында орналасқан саяжай учаскелерін сумен қамтамасыз етуге арналған.


Қазіргі уақытта аталған азамат коммуналдық кәсіпорынның қызметкері емес.


Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости