«Қазақмыс» компаниялар тобының бірнеше кенішінде жұмыс тоқтап, қызметкерлер наразылыққа шыққан. Шахтерлердің жартысы шахта ішінде.
Қызметкерлер 15 талап қойған. Негізгі талаптарының қатарында: еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыскерлердің еңбек өтілін бір жарым жыл ретінде ескеру, ескі тау-кен-шахта жабдықтарын кондиционерлері бар жаңасына ауыстыру, жұмысшыларды шахталарға қабылдауды ашу және жұмыскерлердің жетіспеушілігінің себебін түсіндіру, технологиялық ауысым разрядтарын деңгейге келтіру, кейбір мамандықтарды кенжар тобына қосу, еңбек ету қабілетінен айырылу пайызын 29-дан 50 пайызға дейін ұлғайту, жақында қайтыс болған жұмысшы Е. Ермосыновтың ұлы жұмысқа қабылдансын, бар ақшалай жәрдемақылар жалақыға енгізілсін, тікелей кенжарда жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндерін 48-ден 54 күнге дейін көбейту. Бұдан басқа, наразылық білдірушілер ерікті медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды, Шахтер күніне арналған "100 мың теңге мөлшерінде" сыйлықақы төлеуді, ал Шахтер күнін мерекелеудің күшін жоюды талап етеді.
Қазіргі уақытта «Қазақмыс» басшылығы туындаған мәселені шешу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ өңірлік жедел штаб жұмыс істеуде.