Қазір компания басшылығы туындаған мәселені шешу үшін шаралар қабылдап жатқан көрінеді.
ESS Support Services ЖШС Бас директоры Майк Тейлор мәлімдегендей, компания басшылығы қызметкерлерден жалақыны көтеру туралы 213 өтініш алған.
«Біз қызметкерлерімізді және олардың еңбегін бағалаймыз. Осы проблеманы шешу кезінде де олармен диалог жүргізіп, Қазақстанның еңбек заңнамасының қолданыстағы нормалары шеңберінде жұмыс істейтін боламыз. Сонымен қатар, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ESS жылдық инфляцияны ескере отырып, жалақыны үнемі қайта қарау бағдарламасын жүргізеді. 2021 жылғы қаңтарда бағдарлама шеңберінде сағаттық төлемді 6%-ға арттыдық. ESS басшылығы серіктестерді, жергілікті және аймақтық билік органдары мен кәсіподақтарды қоса алғанда, негізгі мүдделі тараптармен ынтымақтасады. Біз әрқашан қызметкерлер тарапынан туындаған мәселелерді талқылауға дайынбыз» дейді Майк Тейлор.
Еске салсақ, 13 шілдеде Жаңаөзен қаласында да дәл осындай талап қойған жұмысшылар ереуілге шықты. Сол кезде «Өзенмұнайгаз» компаниясының нысандарын физикалық қорғауды жүзеге асыратын KMG-Security күзет ұйымының жұмысшылары жалақыға қатысты басшылықпен келісімге келді. Содан кейін келісім комиссиясы жалақы еңбек өтілі мен санатына байланысты белгіленетінін анықтады.