Мұның қаншалықты рас-өтірігін stopfake.kz анықтап көрді...
Балаларға арналған презервативтер туралы ақпарат жалған. Сюжетте он жасар балаларға арналған контрацептивтер қаптамасы көрсетілген. Онда «Small Pecker Condoms» деп жазылған. Google-дан іздеген кезде карнавалға арналған костюмдер мен мерекелік кештерге арналған тауарлардың онлайн-дүкені табылды. Аталған контрацептивтер онда бар, бірақ олар балаларға емес, ересектерге арналған. Өнімнің сипаттамасында бұл презервативтердің ойыншық екені жазылған. Осылайша күйеу жігітті алдап, қалжыңдауға болады.
Тауарлардың осы топтамасында күйеу жігіттің жаңа әлеуметтік мәртебесін білдіретін және соған байланысты шектеулерді меңзейтін шынжыр мен шойын шар, аяққа арналған білезік те бар.
Сюжетте контрацептивтер туралы ақпараттан басқа, Барби қуыршақтарын шығаратын Mattel компаниясы жаңа, гендерлік бейтарап ойыншық шығарғаны туралы айтылды, ол ұл да, қыз да бола алады. Бұл шынайы ақпарат. Компания 2019 жылы осындай қуыршақтар сериясын шығарды.
Бұдан бөлек, өндіруші біз білетін басқа да Барби мен Кен қуыршақтарын шығаруды жалғастыруда. Балаға қандай ойыншық сатып алатынын ата-аналар шешеді.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. Сюжетте көрсетілген «балаларға арналған презервативтер» әзіл-қалжың дүкенінен алынған муляждар.