RSS лента

Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?

  • 23.11.2020, 19:55,
  • 805
  • 0
  • Автор:
Автор фото: «stopfake.kz»

Желіде COVID-19-ды ауыз шаюға арналған сұйқтықтың көмегімен емдеуге болатындығы туралы хабарламалар тарауда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық ғалымдар осындай қорытынды жасап отыр. Бірақ мұндай ерітіндіні қолданудың нәтижесінде уланып қалуға болады.

 

Кардифф медицина мектебі ғалымдарының зерттеулері BioRxiv сайтында жарияланған. Портал растауды немесе терістеуді қажет ететін рецензияланбаған зерттеулердің қорытындыларын жариялауға арналған. Онда ұсынылған ақпарат сенімді деп саналмайды және даусыз фактілер ретінде БАҚ-та келтірілмейді. Бұл туралы сайттың өзінде жазылған.

 

Айта кетерлік жайт, зерттеушілер in vitro тәжірибелерін, яғни тірі жануар немесе адам ағзасында емес, жасуша дақылында тәжірибелер өткізіп, ауыз қуысын шаюға арналған заттардың бұрын белгісіз болған пайдасы бар деген қорытындыға келді.

 

Олардың қорытындысын іс жүзінде қалай қолдануға болатыны белгісіз. Ауыз қуысына арналған шайғышты ішу қауіпті. Аздаған дозаның өзі улануға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, кез келген сұйықтықты ішкен кезде, ол асқазан-ішек жолына түседі және вирус орналасқан өкпеге бармайды.


 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости