RSS лента

Қазақстанда «кальций глюконаты» деген атаумен сатылып жатқан қауіпті дәріге қатысты түсінік берілді (+видео)

  • 16.11.2020, 13:17,
  • 1 022
  • 0
  • Автор:
Автор фото: «stopfake.kz»

Қазнетте Алматы тұрғыны түсірген видео таратылуда. Автор өзін «дәрігер-педиатр» деп таныстырады. Ол газға бірнеше таблетканы қыздыру арқылы тәжірибе жасайды. Нәтижесінде болған химиялық реакцияны көріп, ол қазақстандық дәріханаларда таблетка түрінде қауіпті зат сатылады деп мәлімдейді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып.

 

Кадрларда таблеткалар қыздырған кезде пішінін өзгертіп, лас сұр «өркендер» шығады.

 

– Не болғанын көрдіңіз бе? Осының бәрі ішекте, өкпеде, өт қабында, бүйректе, мида жиналады! Мұның салдарынан қанша бала қайтыс болады?! – дейді кадр сыртындағы дауыс.

 

Шын мәнінде, бұдан балалар да, ересектер де өлмейді. Видеода қарапайым реакция көрсетілген. Мұндай тәжірибе халық арасында «перғауын жыланы» деп аталады және оны әртүрлі химиялық шоуларда балаларға және ғылыми-танымдық бағдарламалар кезінде жиі көрсетеді. Мұндай химиялық тәжірибеге арналған жиынтықтар ойыншықтар мен балалар кітаптары дүкендерінде сатылады.

 

Кальций глюконаты қыздырған кезде көміртекке, кальций тотығына, көмірқышқыл газына және суға ыдырайды. Бұл кеуекті құрылым және көмірқышқыл газының көп бөлінуі, бір таблеткадан 10-15 см-ге дейін өсетін «жыландардың» шығуын қамтамасыз етеді.

 

Олар бастапқы тұздың органикалық бөлігінен ақ кальций тотығы мен қара немесе қою сұр көміртектің арқасында сұр түске боялады. Бұл тәжірибе кальций карбонатының қыздыруға тұрақсыздығын айқын көрсетеді. 

 

«Перғауын жыланы» – балалар мен оқушыларға арналған ең танымал тәжірибелердің бірі, ол өте қызықты және қарапайым.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости