ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы StopFake.kz мәлімдеп отыр.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі боа ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды, – деп хабарлады ведомстводан.
Қазақстандықтар балаларды COVID-19 қарсы вакцинациялауға байланысты фейктерді бұған дейін де таратқан. Олар вакциналарды балаларға мектеп асханаларында сүт өнімдеріне қосып, береді деп жазған болатын. Кейіннен балаларға препаратты мұрынға арналған спрей түрінде егетіні, сондай-ақ иммундауға арналған препараттарды манту сынамасы түрінде салатыны жайлы фейктер таратқан. Бұл ретте жалған ақпараттың авторлары ата-аналарды балаларды вакцинациялаудан бас тартқаны үшін психиатриялық клиникаларға жатқызады деп қорқытқан.