RSS лента

Энергетикалық сусындарға қатысты шындық ашылды

  • 17.11.2022, 03:08,
  • 526
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Дүкендегі көзіміз үйренген энергетикалық сусындарға деген сұраныс ай сайын емес, күн санап өсуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Өкінішке қарай, оны ішетіннің дені – жастар. Бірі жұмыс жасауға күш жинағысы келеді, екіншілері жәй ғана дәмі мен иісін ұнатады.


«Жұмыстан шаршағанда жиі ішіп тұрамын. 5-10 минутта күші басылып қалады, әлсіздік болып, шаршап деген сияқты. Денсаулығыма әсер етіп жатқан жоқ. Қасымдағы достарымда энергетик ішеді» дейді тұрғындардың бірі.


Қоғамда энергетикалық сусындарды жастарға сатуға тыйым салуды бірнеше рет ұсынылғанмен, әлі күнге нақты бір шешім жоқ. Қазіргі кезде сауда нүктелерінде уақытша күш-қуат беретін сусындар кедергісіз сатылып жатыр. Сатушылардың айтуынша, сұраныстың артқанына байланысты тауар жеткізушілер энергетиктердің сан түрін әкелуде.


«Қазіргі кезде үлкен кісілерге қарағанда энергетикалық сусындарды жастар көп алады. Жастар көп алып отыр. Сұраныс көп болған соң күннен күнге әртүрі шығып жатыр. Бізге энергетиктің әр түрі келіп жатыр» дейді сатушы.


Енді құрамында 10-15 шақты қоспа болатын сусынның бұл түріне кеңінен тоқталайық. Энергетикті жасауға глюкоза, матеин, мелатонин, таурин, гуарана, карнитин, кофеин, женьшень, рибоза, инозит пайдаланады. Және В тобының дәрумендерін де кездестіреміз.


Энергетикалық сусындарға ортақ қоспа – кофеин. Ол психикаға қатты әсер ететіндіктен, тәуелділік пайда болады. Сусынның құрамында кофеиннің мөлшері көп болған сайын, жүйке жүйесі соғұрлым белсенді жұмыс істей бастайды. Ал сусындардың құрамындағы таурин жүректің жұмысын жеделдетеді. Соның әсерінен зат алмасу процесі де жылдамдап, жүрекке зақым келуі әбден мүмкін.


Дәрігерлердің айтуынша, 500 милилитрлік энергетикалық сусында 50-54 грамм глюкоза болады. Бұл – өте көп. Өйткені, бір шай қасық қантты пайдаланғаннан кейін, ағзадағы глюкозаның мөлшерін азайту үшін шамамен 2 литр су ішу керек. Глюкоза мен кофеин алғашында энергияны қалыпқа келтіруге көмектеседі. Алайда, бұлар – ағзаны алдайтын қоспа.Мамандар энергетикалық сусындарды жиі пайдаланған адам болашақта өзінің іс-әрекетін қадағалай алмай, мінез-құлқында өзгерістер пайда болады деп отыр. Алғашындағы жәй ғана қызығушылық немесе өзін-өзі алдаудың соңы түрлі дертке әкеліп соғуы мүмкін.


«Балалар мен жасөспірімдер энергетикалық сусындарды жиі ішкендіктен, организм үшін ол тұрақты жағдайға айналады. Яғни, кері әсерін тигізе бастайды. Жүйке жүйелері жұқарып, қан тамырлары тартылады. Мидың жұмысын нашарлатады. Мұның соңы гипертониялық ауруларға, қан диабетіне және төмен қан қысымына әкеліп соғады. Оған қоса, энергетикалық сусындар адамдардың жүйке жүйесіне зақымдануына себеп болады» дейді қалалық емхананың педиатр дәрігері Анна Наушова.


Жалпы энергетикалық сусындарға деген сұраныс дұрыс тамақтанбау, уақытылы ұйықтамау, дұрыс күн тәртібін құрмау сынды мәселелерге тап болғандардың көбеюіне байланысты артып отыр. Дәрігерлер аталған проблемалармен күресіп, спортпен шұғылданып, таза ауада жиі жүру сусынның аталған түрінен бас тартуға көмектеседі дейді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости