RSS лента

Қоңырауда темекі тартады... (+видео)

  • 01.11.2022, 01:56,
  • 685
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: скриншот

Елімізде мектеп оқушылары соңғы кездері электронды темекіге әуес бола бастады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Олар үзіліс уақытын асыға күтіп, қоңырау соғылған бойда қуыс-қалтарыста түтін будақтатқанша асық. Шылымның бұл түрі кәдімгі никотині бар темекіге қарағанда зиянсыз деп үгіт-насихат жүргізетіндер көп. Ал шынына келсек, вейп немесе электронды темекінің жастар арасында танымал болуы олардың денсаулығына үлкен қатер төндіріп отыр. Ондағы табакты қыздыру жүйесі кәдімгі шылымға қарағанда денсаулыққа екі есе кері әсер етеді. Бірақ мұны білетіндер саны аз дейді дәрігерлер.

 

«Олардың негізгі әсер ететін компоненттері глицерин және полипропилен. Олар жалпы химиялық зат болып табылады. Сонымен қатар құрамында улы заттар да болуы мүмкін. Бірақ, ол индустриялық құпия ретінде айтылмайды. Электронды темекілер ең бірінші ол ауыз қуысына ондағы патогенді флоралардың көбеюіне алып келеді. Әрі қарай жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының шырышты қабаттарын зақымдайды. Сол арқылы өкпе демікпесі, өкпенің созылмалы аурулары, жүрек , ми-қан тамырлары аурулары және асқазан рагына алып келуі мүмкін», — дейді жалпы тәжірибелік жәрігер Нұриза Данбаева.

 

Вейп және айкос – бүгінде жастар арасында кең таралған зиянды әдетке айналды. Оған бір себеп олардың ересек көрінуге деген ұмтылысы. Әрі мұндай әрекеттер арқылы жасөспірімдер өз қатарластары арасында мықты көрініп, сол арқылы позицияын дәлелдеуге тырысатыны да аян. Электронды темекінің түтіні тек балалардың саулығына емес, психологиясына да кері әсер береді. Тәуелді болу қаупі де бар.

 

«Өзімнің практикама келетін болсақ, электронды темекіні әрбір жағдайда қолданады. Бір ғана себеп бар деп айтуға болмайды. Оның көптеген түрлері бар. Көп жағдайда келетін балалар олар бір проблемамды шеше алмай жүрмін деген бағытта келеді. Неге темекіге әуестендің деген сұраққа ата-анамен контакт жоқ деген жауап береді. Ал, ата-аналар көп жағдайда жауапершілікті мектепке ысырып тастағысы келеді», — дейді психолог Айнұр Әнес.

 

Психологтар жастармен бетпе-бет отырып, ашық сөйлескен абзал дейді. Және ата-ананың балаға көп көңіл бөліп, бірге уақыт өткізгені, оны тыңдауы шарт. Әйтпесе қол тимейді деп жүріп, перзентінің түздегі қылығынан хабарсыз қалатындар баршылық. Ал жаман әдет жастарды дендеп барады. Олардың елдің ертеңі, болашағы екенін ойласақ, қамсыз отыра беруге болмайды. Ауырып, ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда дұрыс болар еді.

Оставить комментарий
Последние новости