Көпсалалы медициналық орталық басшысының инфекциялық қызмет жөніндегі орынбасары Татьяна Цечоева ересектерде болатын КВИ ағымы туралы бақылаулармен бөлісті.


Оның айтуынша, стационарларға жатқызылғандардың шамамен 10%-ы ауыр халде. Негізінен, бұл 2-3 немесе одан да көп ілеспе ауруы бар науқастар.


«Қазір 2020-2021 жылдар аралығында болмаған науқастар пулы бар: бұл химиотерапия немесе басқа да ем түрлеріне барып жүрген онкологиялық науқастар және АИТВ жұқтырғандар. Оларда ауру тез өршиді және бұл науқастар көбінесе негізгі аурудан көз жұмады.

Коронавирустық инфекция аясында пациенттерде ауыр миокард инфарктісі пайда болған бірнеше жағдай тіркелді. Егер ағымына тоқталсақ, ауру жеңіл өтеді, ауруханаға жатқызуды қажет ететін пациенттер аз және олар амбулаториялық деңгейде емделеді. Қазақстандықтарға айтарым, өзіңізді ауру жұқтырудан қорғаудың екі жолы бар. Бұл жеке гигиена - маска тағу және екінші жолы - вакцинация.


Басқа тиімді жолдар әлі ойлап табылған жоқ. Егер 2020-2021 жылдарға талдау жасасақ, басқа этиологиядағы ішек және вирустық инфекциялар іс жүзінде тіркелмеген, өйткені қауіпсіздік режимі бірінші орынға шықты. Қазір режим жеңілдетілді, екі жыл бойы тіркелмеген инфекцияларды жұқтырған балалар мен ересектер саны арта бастады. Өзіңізді, жақындарыңызды, туыстарыңызды, ата-аналарыңызды қорғаңыздар», - деді сарапшы.