RSS лента

«Омикроннан» қалай қорғануға болатынын айтты (+видео)

  • 21.01.2022, 21:52,
  • 527
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Білікті дәрігер «Омикрон» штамына қатысты маңызды дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– «Омикрон» штамынан кейін балада ​ көп жүйелі қабыну синдромдары пайды болуы мүмкін, - дейді №4 Атырау қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Хамзин Тілепберген. – Яғни, жаңа штам өкпе, тыныс алу жолдарын зақымдайды, қан тамырлары, жүрек, бүйрек аурулары, жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.


 

​Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша корронавирус ауруының өршіп тұрғанын байқауға болады. Денсаулық сақтау қызметкерлеріне де үлкен жүктеме түсіп жатыр, амбулаториялық, стационарлық деңгейлердің бәрінде аурушаңдық қайта өршіді.

 

Жаңа штамның анықталуы дүниежүзі елдерін алаңдатып отыр. Жаңа штаммның​ «Дельта» штаммымен салыстырғанда жұқпалылығы 5-10 есе жоғары.​ Тағы бір алаңдататыны, «Омикрон» штамының адам денесіне енетін тікенекті ақуызы болады. Жаңа штамм​ мутацияға ұшырап, жылдам өзгеріп отырады. ​

 

Аурудың бастапқыда тұмау секілді басталып, адамның тұла бойының қатты ауыруына, тершендікке әкеп соқтырады. Қазіргі жағдай жаңа штамның 20-39 жас аралығында жастарға​ белсенді жұғып отырғанын көрсетіп отыр. Балалар бұл ауруды жеңіл өткереді. Алайда, балада 2-3 айдан кейін көп жүйелі қабыну синдромдары пайды болуы мүмкін. Яғни өкпе, тыныс алу жолдары зақымдануы, қан тамырлары, жүрек, бүйрек аурулары, жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан, аурудан қорғанудың ең тиімді әрі жалғыз жолы – вакцина алу.

 

Маска тағып жүру, қолды таза ұстау, халық көп жиналған орындарға, сауда орындарына бармау, қонақ шақырмау секілді қарапайым сақтық шаралары өзекті болып қала береді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости