RSS лента

2 млрд адам өмірмен қоштаса ма?

  • 05.11.2022, 01:46,
  • 757
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда алдағы екі жылда миллиард адам жаһандық ашаршылық құрбаны болады деген хабарлама таратылуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысушылар мен оның негізін қалаушы Клаус Шваб планета тұрғындарына қатысты осыны жоспарлаған екен. Мұның бәрі дәлелсіз. Ресми stopfake.kz осылай деп мәлім етті.



Клаус Шваб негізін қалаған Дүниежүзілік экономикалық форумды конспирологтар ұнатады. Қастандық теориясын жақтаушылар Швабтың да, форум мүшелерінің де адамдарды құлдыққа салу және өлтіру бойынша жоспарлары бар деп айтады. Кейбіреулер Клаус Швабты Ротшильдтер әулетінің өкілі және нацистік Германия басшыларының бірінің ұрпағы деп санайды. Мұның бәрі негізсіз. Сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форум дүниежүзілік аштық орнатуды жоспарлап отыр, оның салдарынан миллиард адам құрбан болады деген ақпарат та шындыққа жанаспайды.


Шын мәнінде, Форумның ресми сайтында hunger (аштық – анг.) деп іздегенде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін қалай шешуге болатындығы туралы жүздеген мақала шығады, бірақ бұл мәселелердің қалай туындайтыны туралы ештеңе жазылмаған.


Нақты жағдай мынадай, әлемде аш және тойып тамақ ішпейтін адамдар саны өте көп, сондықтан оны жасанды түрде көбейту ойға қонымсыз және адамгершілікке жатпайды.


Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының мәліметтері бойынша, дәл қазір бүкіл әлемде 690 миллионға жуық адам аштыққа ұшыраған. Бұл әлем халқының 8.9% құрайды.


1990-2015 жылдар аралығында бұл көрсеткіш тұрақты түрде төмендеді: 1995 жылы 989 миллион адам аштықтан көз жұмған, ал 2015 жылы – 784 миллион. Алайда, 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеуді тоқтатты. 2018 жылы тойып тамақтанбау салдарынан 822 миллион адам қайтыс болған. 


БҰҰ-да «нөлдік аштық» бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда, мақсаты – 2030 жылы әлемде бірде-бір аш адам болмайтындай етіп жасау. Бұған ауыл шаруашылығы саласындағы көлемді ұлғайту және азық-түлік өнімдерінің тұрақты өндірісін дамыту есебінен қол жеткізу көзделген. 


Дүниежүзілік экономикалық форумның, БҰҰ-ның немесе жеке Клаус Швабтың қолдан аштық ұйымдастыруды жоспарлауына ешқандай негіз жоқ.


Алдағы ашаршылық туралы тараған ақпаратқа Роберт Кийосакидің видеосы тіркелгенін атап өткен жөн. Ол әлем Дүниежүзілік экономикалық форумға қарсы бірігуі керек дейді, әйтпесе миллиард адам әлсіреп, өледі.


Роберт Кийосаки баршаға «Бай әке, Кедей әке» кітабының авторы ретінде белгілі. Алайда, Кийосакидің өзі кітап жарияланғаннан кейін ғана байыған. Оған дейін ол бірнеше рет жеке ісін бастағанымен, әр жолы сәтсіздікке ұшыраған, тіпті бір рет өзін банкрот деп те жариялаған.  Оның бизнес жүргізу және инвестициялар жөніндегі кеңестері кейде тиімсіз, тіпті қауіпті болады. 


Мысалы, 2007 жылы ол алға тартқан инвестициялау әдістері АҚШ-та Огайо штатында заңсыз деп танылды.


2010 жылы Канадада Кийосакидің алаяқтық әрекеттері әшкере болды. Ол семинарларға қатысушыларға жер учаскелерін «сәтті» сатып алуды ұсынған, ал іс жүзінде ол жерлер бос және ешкімге қажет емес болған.


Мұның бәрі Роберт Кийосакидің сөздеріне деген сенімді азайтады. Алдағы екі жылда миллиард адам аштықтан өледі дегенге сенуге ешқандай негіз жоқ, сондай-ақ видеоны тұтастай фейк және конспирология деп санауға болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости