Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ сайтында айтылған. Мамырда Қазақстан елшісі Болат Иманбаев Арменияның аумақтық даму және инфрақұрылым министрі Гнел Саносянмен кездескен болатын. Осы кездесуде армян тарапы 2022 жылғы 2 маусымнан бастап FlyArystan әуекомпаниясының Алматы-Ереван-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейсін ашудың, сондай-ақ, Нұр-Cұлтан-Ереван-Нұр-Cұлтан әуе қатынасын пысықтаудың маңызын айтты.