Бұл жөнінде еліміздің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеп отыр.
"Тасымалдаушылар болып SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» авиакомпаниялары тағайындалды. 2022 жылы Республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша конкурс өткізілді, оның ішінде Түркістан қаласына 10 әуе бағыты, Көкшетау және Петропавл қалаларына 3 әуе бағыты, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына екі әуе бағыты кіреді.
Субсидияланатын авиамаршруттар коммерциялық пайдалану үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейді, оның орнына өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар әуе бағыттарына тұрақты ұшуларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» әуе компаниялары 2022 жылы осы әуе бағыттарында рейстерді орындайтын тасымалдаушылар болып белгіленді. Әуе билеттерінің құны 9 бен 25 мың теңге аралығында болады" делінген мәлімдемеде.