RSS лента

Димаштың дәурені жақында аяқтала ма?

  • 18.10.2021, 02:22,
  • 925
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Ресейлік публицист әрі видеоблогер Евгений Понасенков Димаштың дәурені жақында аяқталатынын болжады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

«Бір жылға да жетпейді, бұл кәкір-шүкірді бірнеше айдан кейін ұмытасыздар. Маған режитін шығарсыз, дұрыс түсінбеуіңіз де мүмкін, бірақ бұл солай. Нағыз артисттің өзіндік жолы, өмірбаяны болуы керек. Өзіндік жол, репертуар, тағдыр жоқ жерде, ал ол арада мұның бәрі жоқ, сондықтан қош бол дей беріңіз.

 

Димаш туралы естідім, қалай естімейсіз? Жарнамасы жер жарады, ондайды естіп, одан кейін тез ұмытып кетесіз. Бес-он жылда бір рет Черкизовск базарының псевдоэстрадасында күмәнді продюссерлердің насихаттауымен фальцетист төбе көрсетеді.

 

Дауысы жоқ, тембрі жоқ фальцетист. Фальцетпен ерінбеген барлық адам ән айта алады. Фальцет - бастысы болған кезде қолданылатын жақсы тәсіл. Фальцетті басты астың гарнирі десе де болады. Егер осы басты ас болмаса, дауыс та, тембр де болмайды. Микрофон дәуірі ғой, біз алданудамыз.

 

Егер біз акт залына барып, микрофонсыз кез келген әнді бірге айтатын болсақ, міне сол кезде сіз дауыстың не екенін, түкке тұрғысыз нәрсенің не екенін салыстыра алатын боласыз, кешіріп қойыңыз. Сондықтан одан микрофонды алып қойыңыз, сол кезде түк те болмайды» деді ол.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости