Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеп отыр. Бірақ, карантинге жабылған мектептер жоқ. Коронавирус ауруы анықталған сынып оқушылары тек қашықтықтан оқытуға ғана жіберілген.
«Балалар жазғы демалыс кезінде, үйде тығыз тұрмыстық қарым-қатынаста болып, ауырып қалды. Коронавирус инфекциясы бар науқастар анықталған барлық сынып аудандардың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 14 күнге карантинге жабылды» дейді өңірдің бас санитарлық дәрігері Ғазиз Надуев.
Айта кеткен жөн, Маңғыстау бүгінде «қызыл аймақта».