Ресми stopfake.kz мәлім еткендей, өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, зейнеткерлер үшін COVID-19-ға қарсы екпе ерікті болып табылады және одан бас тартқаны үшін зейнетақы төлемдерінен айырылу қаупі төніп тұрған жоқ.
– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері аймақта үгіт-насихат жұмыстары барысында вакциналардың пайдасы туралы бейнероликтер көрсетілетінін, тұрғындарға коронавирустық инфекция туралы толық ақпарат ұсынылған парақшалар таратылатынын жеткізді. Емханаларда дәрігерлер иммундауға арналған препараттардың құрамы, тиімділігі және қауіпсіздігі туралы азаматтардың сауалдарына қажетті түсініктемелер береді.
Басқарма өкілдері вакцинациялауға мәжбүрлеу фактілеріне тап болған азаматтар шағымын +7 705 447 52 52 What ‘ aApp нөміріне жолдай алатынын атап өтті.