RSS лента

"Мектепте оқушыларға вакцина қосылған сүт беріледі" деген ақпарат тарауда

  • 02.09.2021, 19:14,
  • 1 235
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазнет қолданушылары биылғы оқу жылында мектеп асханаларында балаларға міндетті түрде КВИ қарсы вакцина қосылған йогурт, айран және ряженка берілетіні туралы бейнеролик таратуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Ата-аналардың келісімінсіз мектеп оқушылары жасырын түрде вакцинацияланады-мыс. «Стопфейк» сайты бұл мәліметтің шындықпен жанаспайтынын мәлімдеді.

 

Ресейде ашытылған сүт өнімдері түрінде вакцина әзірлене басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сәуір және маусым айларында хабарланды. Ол кезде ғалымдар ерекше препараттар жасауды енді ғана қолға алған болатын. Бүгінгі таңда бұл жұмыс әлі аяқталған жоқ. COVID-19-дан қорғайтын йогурт, айран және ряженка әлі клиникалық сынақтан өткізілмеген және нарыққа шығарылмаған.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұндай ашытылған сүт өнімдері мектеп асханаларында балаларға міндетті түрде берілетіні туралы теорияны жоққа шығарды.

 

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тағам өнімдері түріндегі вакцина Қазақстан Республикасына әкелінген жоқ, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Яғни, мектеп асханаларында КВИ қарсы иммундауға арналған препараттар қосылған сусындар мен өнімдер ұсынылмайды. Сонымен қатар, Қазақстанда балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың немесе қамқоршылардың жазбаша ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости