RSS лента

Қазақстанда балалар 14 вакцинаның 49 дозасын ала ма?

  • 18.06.2021, 03:40,
  • 646
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Қазақстандық пайдаланушылар қазіргі уақытта алты жасқа дейінгі бала 14 вакцинаның 49 дозасын алатындығы туралы ақпарат таратуда. Авторлар қазіргі кездегі және өткен ғасырдың ортасында «балаларға бір ғана вакцина жасалған кездегі» вакцинацияны салыстыруда. Бұл манипуляция, ал хабарламада көрсетілген деректер шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

«70 жыл бұрын балаларға бір ғана вакцина жасалған»


Авторлар нақты жылдарды, елді де атамайды. Бұл өткен ғасырдың 50-ші жылдары болды делік. Ол кезде кейбір елдерде шешекке қарсы міндетті вакцинация туралы құжаттар болған. Мысалы, Ұлыбритания мен КСРО-да.


Сонымен қатар, полеомелитке қарсы вакцинаның алғашқы сынақтары өтті. Үндістанда 1948 жылдан бастап БЦЖ вакцинациясы болды, 1950 жылдан бастап Батыс Германия да туберкулезге қарсы иммундауды енгізді. 1953 жылы Кеңес Одағында жаңа туған нәрестелерге БЦЖ вакцинасы салына бастады.

Сол кезеңде балаларды басқа ауруларға қарсы вакцинациялау мүмкін болмады, өйткені басқа вакциналар кейінірек ойлап табылып, сыналады. Сондықтан хабарлама авторы қолданған салыстыру манипуляциялық болып табылады.

 

«Қазіргі кезде бала 6 жасқа дейінгі 14 вакцинаның 49 дозасын, ал 18 жасқа дейінгі 16 вакцинаның 69 дозасын алады»


Айта кетейік, вакцинация тәсілдері әртүрлі елдерде әр түрлі. Міндетті және ұсынылатын егулердің тізімі әртүрлі. Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты.
Мысалы, алты жасқа дейінгі міндетті екпелердің қазақстандық күнтізбесі бойынша бала 11 ауруға қарсы 7 вакцина алады.


АҚШ-тың міндетті вакциналарының тізімінде 16 ауруға қарсы вакциналар бар. Германияда 14 ауруға қарсы егіледі. Сіреспеге қарсы егу 194 елде, қызамыққа – 137 мемлекетте, қызылшаға – 111 елде міндетті болып табылады.


Ұлыбританияда БЦЖ міндетті вакциналар тізімінде жоқ, өйткені елдегі ауру вакцинация нәтижесінде жойылды. Туберкулезге қарсы тек қауіп факторлары бар адамдар ғана егіледі: туберкулезбен сырқаттану деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 40 жағдайдан асатын елдерде туған балалар және туберкулез деңгейі жоғары елдерге шығатын азаматтар.

 

«Алты жасқа келгенде, қазір орташа бала қатерлі ісікпен ауырады және оның иммунитеті жоқ»

Бұл мәлімдеме жалған. Вакциналар қатерлі ісік ауруын тудырады деген фейктер бірнеше рет теріске шығарылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости