RSS лента

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек неге тоқтады? (+фото)

  • 15.06.2021, 17:32,
  • 455
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Атырау қалалық мәслихат депутаты Жасұлан Исмагулов азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Қабылдауға көпбалалы ана келіп, әлеуметтік көмек сұрады. Оның жеті баласы бар. Соның біреуі керең-мылқау, яғни, төртінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Ол арнайы интернатта оқиды. Бұрын оған мемлекет тарапынан компьютер, ұялы телефон, планшет немесе басқа да қажетті құрал-жабдықтар беріліп тұрған екен. Себебі, мүмкіндігі шектеулі жандардың құлшынысы шексіз. Сондықтан, олардың ой-өрісін дамыту үшін жаңа технология тетіктері ауадай қажет.

 

Ал, қазір бұның бәрі де сап тыйылған. Көпбалалы отбасы қазір жалдамалы үйде (времянка) тұрып жатыр. Сондықтан жоғарыда аталған құрылғыларды сатып алуға жағдайы жоқ. Расымен де, бүгінгі ХХІ ғасырда мүмкіндігі шектеулі жандардың ғаламтор игілігін көре алмауы әділетсіз жағдай. Баласына шырылдаған ана халық қалаулысынан осы мәселені шешуге атсалысуды сұрады.


Өз кезегінде Жасұлан Ысқақұлы түйткілдің түйінін тарқатуға тырысатынын жеткізді. Осы орайда, «ақжолдық» депутаттың атынан тиісті орындарға хат жолданып, алынған ресми жауап негізінде нақты жұмыстар жүргізілмек. Мұны естіген көпбалалы ана халық қалаулысына аналық алғысын айтып, жұмысына табыс тіледі.

 


ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости