Құжатта Малшылар күнін маусымның екінші жексенбісінде атап өту ұсынылған.
«Жобаның мақсаты – елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу» делінген түсіндірме жазбада.
Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе саяси-құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қоғамдық талқылау 5 мамырға дейін созылады.