RSS лента

Қазақстанның бас санитар дәрігері шұғыл Үндеу жасады: “Жағдай нашар...”

  • 24.03.2021, 21:24,
  • 3 073
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанның Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарға ескерту айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

– Соңғы күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатыны өздеріңізге белгілі. Кеше елдің екі ірі мегаполисінде COVID-19-бен сырқаттанушылық ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55%-ын құрады.

 

Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты, – деді бас санитар дәрігер.

 

Ерлан Қиясовтың айтуынша, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында өңірлік жедел штабтардың шешімі бойынша бірқатар шектеу шаралары қабылданды.

 

Сондай-ақ ол алдағы мереке, демалыс күндері денсаулығымызды және жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға шақырып, мынадай кеңестер берді:

 

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;

 

халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;

 

қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;

 

жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмау;

 

әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтау;

 

шетелге барудан бас тарту.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости