Мұны байқаған жергілікті тұрғындар бұған дейін де күдікті ер адамды жиі көргендерін айтады. Жартылай жалаңаштанған жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол шалбарын шешіп, өрескел қылық танытқан. Оғаш көрініс ата-аналардың ашуына тиді.
Полиция анықтағандай, күдікті 39 жастағы павлодарлық тұрғын болып шықты. Бүгінде ол психоневрологиялық тізімде тұр. Енді ол дәрігерлердің қолына тапсырылды.