Коронадан жазылып шыққаннан кейін адамдар желіде және дәрігерлердің қабылдауында көбінесе шаштың түсуіне шағымданады екен.
«Шашымның 55 пайызы түсіп қалды. Күн сайын көбірек түсіп жатыр» деді онысын ауруханадан емделіп шыққаннан кейін бір айдан соң байқаған Грейс Дадли.
COVID-19-ды жеңген науқастарды қолдауға арналған топ негізін қалаушы белсенді Луиза Барнс өзімен қоса алғанда аталған топтың әрбір үшінші мүшесінде шашы түскенін айтады.
Өз кезегінде медицина мамандары мұндай жағдай аурудың басты белгісі болып табылатын дене қызуының көтерілуіне байланысты орын алу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
«Дене қызуы 37,5-тен асқан жағдайда шаштың табиғи өсу үрдісі бұзылатындықтан, түсіп тынады» деп нақтылады доктор Арагон Джузеппе.
Ал, трихолог Ева Праудманның сөзінше, телогенді ағыс, яғни, тыныштықта тұрған шаштың көп бөлігі жұқарады немесе түсіп қалады. Бірақ, мамандар мұның тек уақытша сипат алатынын айтады.