«Оқиға 24 шілде түнгі сағат 00:30 шамасында болған. Ұлттық ұлан жауынгерлері Дмитрий Коваленко мен Нұрсейіт Құсайынов топ жетекшісі, кіші сержант Ерген Нұрғалиевпен бірге қоғамдық тәртіп күзетінде жүрген. Олар қараңғыда орталық көпірде тұрған әйел мен баланың сұлбасын байқап қалды. Сарбаздар бір сәтке де ойланбастан көпірге тұра жүгірді» делінген хабарламада.
Осыған орай, әскери жасаққа хабар беріліп, полицияның кезекші экипажы шақырылған. Кіші сержант Ерген Нұрғалиевтің кәсіби іс-әрекеті нәтижесінде әйел өз ойынан айнып, ақылға келді. Сөйтіп, қауіпсіз жерге жеткізілді. Құқық қорғау органдары қызметкерлері жеткенше сарбаздар оны тыныштандыруға тырысты.
Әйелдің бұл әрекетіне отбасылық жанжал себеп болғаны анықталды.