«21 маусым күні кешкі уақытта қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына көп қабатты ғимараттан құлаған ер адам туралы қоңырау түсті. Дәрігерлер тобы дереу оқиға орнына жетті. 1989 жылы туылған ер адам №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Алған ауыр жарақат салдарынан ол өкінішке орай қайтыс болды. Дәл сол күні сол мекен-жайда тағы бір осындай оқиға орын алды. Енді көп қабатты үйден әйел адам құлаған. 1986 жылы туған әйел №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жамбас сүйегі сынған және бас сүйек-ми жарақатын алған. Барлық қажетті медициналық көмек толық көрсетілді, ол палатада жатыр», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 21 маусым күні Қабанбай батыр көшесі бойындағы «Инфинити» тұрғын үй кешенінің сегізінші қабатындағы терезеден ер адам секіріп кетті. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келді. Жас жігіттің соңынан қыз бала секірді. Бірақ, арнайы кубтың арқасында аман қалды. 31 жастағы жігіт пен 34 жастағы азаматша ауруханаға жатқызылды. Анықталғандай, екеуі бірге тұрған. Пәтерден басқа ешкім табылмады. Астаналық полиция бөлімшесінде хабарланғандай, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Видео