23 шілде күні сағат 21.00-де Жезқазған қаласының тұрғыны Сәтпаев қалалық полиция бөліміне хабарласып, бес жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлады.
«Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды. Бала қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Күдікті қамауға алынды. Алайда, ондаған адам оны өз қолдарына тапсыруды талап етті. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау органының күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр» деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.
Еске сала кетейік, 23 шілдеде қала тұрғындары жоғалған қыз бен күдікті табылған көпқабатты үйдің қасына жиналған болатын. Олар тәртіп сақшыларынан ұсталған азаматты жеке сот жасау үшін өздеріне тапсыруды талап етті.
Бұдан бөлек, ашынған көпшілік жергілікті полиция ғимаратының қасындағы бірнеше көлікті өртеп жіберді. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіге таралып кетті:
Қарағандылық блогер Айсұлтан Жақыпов ұсталған азамат 70 жастағы көршісі екенін жазады. Оның сөзінше, жоғалған қыз бірінші қабаттағы соның пәтерінен табылған. Ал, қыздың өзі отбасымен бесінші қабатта тұрады.